«КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И БЕЗОПАСНОСТИ
ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ»

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС МЕКЕМЕ

Талапкерге

«КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И БЕЗОПАСНОСТИ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ» МЕМ-не

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


 

I.  Жалпы ережелер

 

«Колледж транспорта и безопасности жизнедеятельности» МЕМ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес 2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдауды жүзеге асырады, 2020 жылғы 16 шілдедегі № 303 өзгерістер мен толықтырулармен:

- 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»; - негізгі орта білім, жалпы орта білім негізінде;

- 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»; - негізгі орта білім, жалпы орта білім базасында;

- 1516000 «Өрт қауіпсіздігі»: - негізгі орта білім, жалпы орта білім базасында;

- 1517000 «Төтенше жағдайларда қорғау»: - негізгі орта білім, жалпы орта білім негізінде.


II. Қабылдауды ұйыдастыру

 

1. «Колледж транспорта и безопасности жизнедеятельности» МЕМ-не негізгі орта білімі, ҰБТ сертификаттары бар және дәстүрлі бітіру емтихандарының нәтижелері бар жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

2. Колледжге оқуға қабылдау кезінде «Білім туралы» Заңның 26-бабының 8-тармағымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді»:

1) І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар – 1 пайыз;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар - 0,5 пайыз; ;

3) ауылдың (селоның) әлеуметтік - экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары қатарындағы азаматтар - 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың-2 пайыз;

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары-1 пайыз.

3. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта) білімі бар азаматтар қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша колледжге оқуға қабылдануы мүмкін.

4. Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 1 маусымнан бастайды.

5. Қабылдау ережелері туралы ақпарат, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссиясының шешімі, қабылдау нәтижелері колледж сайтына орналастыру арқылы түсушілерге уақтылы жеткізілуі тиіс ktbz.kz

6. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау

күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан 25 тамызға дейін;

сырттай оқу бөліміне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша-20 маусым мен 27 тамыз аралығында.

Талапкер колледжге немесе «электрондық үкімет» веб-порталына «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес құжаттар пакетін ұсына отырып өтініш бере алады.

Оқуға түсу үшін құжаттарды оқуға түсушінің өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

7. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішке оқуға түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы флюоросуретпен қоса (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлеміндегі 4 фотосуретті қоса береді.

Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

3) босқын-босқын куәлігі;

4) пана іздеген адам-пана іздеген адамның куәлігі;

5) оралман - оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер оқу нысандары бойынша білім беру ұйымының тіркеу журналында тіркеледі.

8. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бағалаудың жиынтық балы:

- негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән бойынша: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан және/немесе шығармашылық конкурстың және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағаларынан (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);
- жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (11 сынып)– төрт пән бойынша: міндетті пәндер (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурстың және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша));
- мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін-төрт пән бойынша: міндетті пәндер (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан;
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білімі туралы құжаттың (диплом) орташа балы.
Басқа елдің білім туралы құжаты бар адамдар үшін, білім туралы құжатта төменде көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда, міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.
Оқуға түсушілер бағаларының жиынтық балы тең болған кезде бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген адамдар санаты ескеріледі.
Білім беру ұйымдарына білікті жұмысшы кадрларды даярлауға оқуға түсушілер саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен жағдайда, білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың жиынтық балы негізінде жүзеге асырылады.
Оқуға түсушінің қабылдау квотасы көзделген адамдарға, тиесілігін растайтын құжаттарды білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау жөніндегі қорытынды отырысқа дейін ұсынады.
Өтініш негізінде білікті жұмысшы кадрларды даярлауға, білім беру ұйымдарына оқуға адамдарды қабылдау немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан оқуға түсушілер санынан асып кеткен жағдайда бағалардың жиынтық балы.
Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі 


Техникалық және кәсіптік білім беру мамандығының коды

Мамандық атауы

Бейіндік пәннің атауы:

негізгі орта білім беру (негізгі жалпы білім)

 
орта білім беру (Жалпы орта)

1201000

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсеті, жөндеу және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және талдаудың басталуы

Физика

1203000

Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Алгебра

Физика

Алгебра және талдаудың басталуы

Физика

1516000

Өрт қауіпсіздігі

Алгебра

Физика

Алгебра және талдаудың басталуы

Информатика

1517000

Төтенше жағдайларда қорғау (бейіні бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және талдаудың басталуы

Информатика


III. Білім алушылар құрамына қабылдау

 

9. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына күндізгі оқу нысанына қабылдау күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында жүргізіледі.

10. Колледжге қабылдау мамандықтар бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.