«КӨЛІК ЖӘНЕ ТІРШІЛІК
ҚАУІПСІЗДІГІ КОЛЛЕДЖІ»

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС МЕКЕМЕ

Суда өзін ұстаудың қауіпсіздік ережесі

Жақсы жүзе білу – бұл суда қауіпсіз демалудың маңызды кепілі, бірақта, жақсы жүзуші де әрқашан сақ болуы, тәртіпті және суда өзін ұстаудың ережесін қатаң ұстануы керек.

Суға арнайы жабдықталған жерлерде: жағажайда, әуіттерде түсу, міндетті түрде алдын ала медициналық тексерістен өту және жүзуге арналған орынның ішкі тәртіп ережесімен танысу керек.

Саяхатта суға түсу үшін суы таза, түбі құмды немесе ірі құмды, онша терең емес (2 м дейін), қатты ағысы жоқ (0,5 м/с дейін) жерді таңдау керек.

Суға түсу күнді желсіз ауа-райында, су температурасы 17-190С, ауа температурасы 20-250С кезінде ұсынылады. Суда небәрі 10-15 минут болу, суға түсер алдында денені сумен сүрту қажет.

Жүзушінің денесі тоңазыған кезде сіңір тартылуы, әсіресе аяқ-қолдың тартылуы болуы мүмкін. Сіңір тартылғанда тез арада судан шығу керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, онда келесідей жасау қажет:

1. Жүзу стилін өзгерту – арқамен жүзу.

2. Қол саусақтарының тартылуын сезген кезде, тез арада күшпен қол буынын жұдырықтап түю, содан соң күрт сырт жаққа қарай қолды сілтеп және жұдырықты ашу керек.

3. Балтыр бұлшық еті сіңірі тартылғанда бүккен кезде зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен ұстап, күшпен табанды өзіңе қарай тарту керек.
4. Жамбас бұлшық еті сіңірі тартылғанда сирақтағы жіліншіктен төмен аяқты сырт жағынан ұстап (алқымнан), тізені бүгіп, қолмен арқаға қарай күшпен тарту керек.

5. Қандай болсын қолда бар үшкір затпен (түйреуіш, ине және т.б.) шанышқылау керек.

6. Шаршаған жүзуші суда дем алу үшін "арқаға жатып жүзу" қалпы ең жақсы тәсіл екенін ұмытпағаны дұрыс.

Тыныс алу жолдарына кірген және дем алуға кедергі келтіретін суды шығару үшін, тез арада тоқтап, аяқ және қол қатты қимылдарымен су бетінде ұстанып тұрып, басты неғұрлым жоғары көтеріп қатты жөтелу керек. Суда қақалып қалмас үшін, жүзуші тыныс ырғағын дұрыс сақтау керек. Толқында жүзгенде толқындардың есу арасында болғанда тыныс алу үшін мұқият болу керек. Толқынға қарсы жүзгенде толқынға еппен көтеріліп және одан сырғып түсу керек. Егер ескен толқын келе жатса, онда есуден төменірек оның астымен сүңгіген дұрыс.

Қатты ағысқа түскенде оған қарсы жүзуге болмайды, тыныс алуды бұзбай жағаға ағыс бойымен жүзу керек.

Иірімге түскенде, бойды үрей алдырмау, сабырлылық сезімін жоғалтпау керек. Өкпеге неғұрлым көбірек ауа толтырып, суға кіріп, ағыс жаққа қарай қатты серпіліс жасап су бетіне шығу керек.

Балдырларға ілініп қалғанда күрт қимыл және серпіліс жасамаңыз. Арқаға жатып, ақырын, асықпай қимылмен қай жақтан келсең сол жаққа жүзіп шығыңыз. Егерде өсімдіктен шығу мүмкін болмаса, қолды босатып, аяқты көтеріп, қолдың көмегімен өсімдіктен ұқыптылықпен арылу керек.
Келе жатқан кемелерге, катерлерге толқынында тербелу үшін жақындап жүзуге болмайды. Жақында келе жатқан теплоходтан ескіш винтіне тартып әкететін ағыс пайда болады. Таныс емес жерде суға секіруге (сүңгуге) қауіпті – баспен грунтқа, тырбиған ағашқа, қадаға және т.б. соғылуы, мойын омыртқасын сындыруы, есінен тануы және қайтыс болуы мүмкін. .
Катерлердің, қайықтардың, кемежайдың және басқа жүзетін құрылыстардың салдарынан сүңгу де қауіпсіз емес. Су астында бөренелер, бағаналар, рельстер, темірбетондар және басқалар болуы мүмкін. Сүңгуге арнайы жабдықталған жерде ғана сүңгу керек. Суға құламалы, құлама және өсімдікпен өскен жағаларда түсуге болмайды. Мұнда су түбі тамырлар мен өсімдік басқан болуы мүмкін. Кейде құмды түп те тұрақсыз болады, ол жүзе алмайтындарға өте қауіпті.

Судағы қауіпсіздіктің негізгі шарты қайықты тепкенде ережені қатаң сақтау болып табылады. Суға түсуге барғанда дұрыс жөнделмеген және толығымен жабдықталмаған қайықпен шығуға болмайды. Қайыққа отырардың алдында оны қарап және ескектің, меңгеріктің, ескек тұтқаның, құтқарушы доңғалақтың, жолаушылар санымен құтқарушы жилеткалардың және суды төгу үшін бақырдың бар екендігіне көз жеткізу керек. Қайыққа отырғызуды төсеніштің ортасына басып сақтықпен жүргізу керек. Арқалыққа (орындыққа) біркелкі отыру керек. Ешқашанда қайықтың шетіне отыруға, бір орыннан бір орынға ауысуға, сонымен қатар бір қайықтан бір қайыққа өтуге, қайықты шайқалақтатуға және одан сүңгуге болмайды.
16 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің қарауынсыз қайық тебуге, қайықтың осы түрі үшін белгіленген мөлшерден жоғары жүк салуға, моторлы кемелердің жүрісін кесіп өтуге, оларға жақын болуға және кеме жүрісі бойынша жүруге тыйым салынады.

Егер қайық төңкеріліп қалса, онда біріншіден көмекті қажет ететіндерге көмектесу керек. Ең жақсысы барлық жолаушылар бірге қайықтан ұстап және барлық күшпен оны жағаға немесе таяз жерге итеру керек.

Жүзе алмайтындар және нашар жүзетіндер үшін аса қауіпті болып әртүрлі жүзу құралдары: камералар, белдіктер, резеңке матрастар және т.б. табылады.

 

 


СУҒА ШОМЫЛУШЫҒА КЕҢЕСТЕР

Шомылғанға дейін:

1. Суға шомылар алдында – дәрігермен кеңесіңіз.

2. Суға күншуақты, ауа-температурасы 20-250 –та желсіз күнде, су 17-19 градус болғанда шомылыңыздар.

3. Суға тек соған арналған арнайы жерлерде ғана шомылыңыз.

4. Жүзе білмесеңіз, суға белден жоғары жеріне түспеңіз.

5. Жалғыз суға түспеуге тырысыңыз.

6. Мас күйінде суға түсуге болмайды.

Шомылу кезінде:

1. Суға абайлап кіріңіз. Терең емес жерде тоқтап, тез басыңызбен суға түсіңіз.

2. Тоңазығанға дейін жүрмеңіз, тек 10-15 минут қана шомылыңыз.

3. Жиі –жиі судан шығып, желді кезде су күйінде тұрмаңыз.

4. Бұлшық ет тартылған кезде – сабыр сақтап, су бетінде қалықтап тұруға және көмекке шақыруға тырысыңыз.

5. Қатты ағысқа түскенде, оған қарсы жүзбеңіз, жағаға жақындау үшін, ағысты пайдаланыңыз.

6. Иірімге түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, өкпеге көбірек ауа жұтып алып, суға кіріп және де тез ағыс бойынша жанына қарай қатты талпыныс жасап, су бетіне жүзіп шығыңыз.

7. Суда өрескел бұзушылықтар жасамаңыздар. Қайғыға ұшыраған туралы жалған сигнал бермеңіздер. Бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар.

8. Суға қатты ыстықтап тұрғанда және де тамақ ішкен соң шомылуға болмайды.

9. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, тез арада шомылуды тоқтатыңыз.

10. Қатты толқан кезінде шомылмаңыздар және таныс емес жерде суға сүңгімеңіздер.

11. Суға тәулігіне екі реттен артық емес шомылу ұсынылады.

12. Жүзген кезде автокамераларды, тақтайларды, доптарды, үрленген матрастарды және т.б. қолданбаңыздар.