«КӨЛІК ЖӘНЕ ТІРШІЛІК
ҚАУІПСІЗДІГІ КОЛЛЕДЖІ»

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС МЕКЕМЕ

«Birgemiz» акциясы

Мақсаты: жалғыз тұратын зейнеткерлерге қар тазалауға көмек көрсету.

Міндеттері:

1. Үлкенге деген құрмет, сыйластық пен мейірімді қарым-қатынасты тәрбиелеу;

2. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.

«Birgemiz» акциясы аясында 2021 жылдың 17 ақпанында колледж білім алушылары жалғыз тұратын зейнеткер Король Галина Поликарповаға қар тазалауға көмек көрсетті: шаруашылық құрылыстарынан қарды тастады, ауладан қарды шығарды.